Республика аумағының басым бөлігі циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады, қар мен бұрқасын күтіледі, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, республика орталығында қалың қар жауады.
Республиканың оңтүстік-шығысында және шығысында пайда болатын антициклонның екпіні жауын-шашынсыз ауа райын тудырады.
Республика бойынша көктайғақ, жел күшейеді, оңтүстікте, солтүстікте және орталықта тұман түседі.
Жетісу облысының Алакөл өңірінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде 30 м/с және одан да жоғары болады.