Осы жылдар ішінде статистика үлкен жолдан өтті. Алғашқы кезеңде мәліметтер қағаз арқылы қолмен жиналса, бүгінде ол цифрлық жүйеге толыққанды көшті. Ұлттық статистика бюросы үнемі даму үстінде, деректердің дәл, сенімді және баршаға түсінікті болуына бағытталған жаңашылдықтарды енгізіп келеді.
Қазіргі таңда Қазақстан статистикасы толық цифрлық трансформация бағытымен ілгерілеп келеді. Автоматтандыру, жасанды интеллект және заманауи цифрлық шешімдер деректерді жинау мен өңдеу үдерісін жеделдетуде. Ақпарат мемлекетке, бизнеске, сарапшыларға және азаматтарға бұрынғыдан да жылдам әрі қолжетімді бола түсті.
Біз статистика саласының қызметкерлерін, ардагерлерді, серіктестерді және осы маңызды іске үлес қосып жүрген барлық азаматтарды бүгінгі мерекемен құттықтаймыз. Істеріңізге өрлеу, табыс және береке тілейміз!