Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев шараның ашылу салтанатында армиялық халықаралық ойындардың әскери дипломатияның жаңа үлгісі екендігін атап өтті. Сайыс тікелей эфирден көрсетілуде.
Полигондарда "Артиллериялық оқ ату шеберлері", "Сұңқар аңшылығы" және "Сенімді қабылдау" байқаулары өткізіледі.
Еске сала кетсек, аталмыш халықаралық сайыс 4 тамыз күні Мәскеу облысының "Алабино" полигонынан бастау алған болатын.
Биылғы жылы ойындар тамыздың 3-і мен 17-і аралығында 10 мемлекеттің 21 әскери полигонында, Каспий, Балтық теңіздері мен Парсы шығанағының су айдындарында өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу