Қазгидрометтің мәліметінше, атмосфералық бөліктердің әсерінен бүгін еліміздің батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ал республиканың қалған аймақтарында жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі.
Сондай-ақ бүгін республика бойынша жел күшейіп, батыста, оңтүстікте шаңды дауыл сақталады. Сонымен қатар Павлодар облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, орталығында, Қарағанды облысының шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде өрт қауіпі сақталады.
Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматы қаласында күндіз +22...+24 градусқа дейін жылы болады. Түнде ауа температурасы +10...+12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Мамандар бүгін Астанада да күн жылы болатынын болжап отыр. Елордада күндіз ауа температурасы +25...+27 градусқа дейін көтеріліп, түнде +10...+12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с.
Бейсенбіде Шымкентте де жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтілуде. Күндіз қалада +26...+28 градусқа дейін жылы болса, түнде ауа температурасы +10...+12 градусқа дейін төмендейді.
Сондай-ақ синоптиктер бүгін үшінші мегаполисте қатты желге байланысты дауылдық ескерту жариялады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.