Қазгидромет мәліметінше, 14 мамыр күні Алматы қаласында, сондай-ақ түнгі уақытта Астана, Жезқазған, Қарағанды және Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мамандардың айтуынша, мұндай құбылыс кезінде атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттар жиналып, ауа сапасы төмендейді. Бұған желдің әлсіздігі, тұман және ауа инверсиясы әсер етеді.
Синоптиктер қолайсыз метеожағдайлар тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін екенін ескертті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу