Бүгін Қазақстанның 7 қаласында ауа сапасы нашарлайды

650

"Қазгидромет" РМК 3 сәуірде еліміз қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы мәлімет ұсынды.  

Бүгін Қазақстанның 7 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктер болжамына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Теміртау, Балқаш және Жезқазған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Өзге шаһарларда метеожағдай норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу