Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұман, көктайғақ және бұрқасын болады

833

2 қаңтарға арналған ауа-райы болжамы. 

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұман, көктайғақ және бұрқасын болады Фото: inbusiness.kz

"Қазгидромет" РМК ел аймақтарында 2 қаңтар күні болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан Республикасының барлық аумағында ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталып жатыр.

Соның ішінде, жауын-шашын (көбінесе қар) түседі және елдің батыс бөлігінде қар жауады деп күтілуде. Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз болады.

Жалпы, Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, бұрқасын және екпінді жел болады деп болжануда.

Сондай-ақ, Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда секундына 30 метрге дейін және одан да жоғары қатты жел күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу