Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

488

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерінде 30 м/с жетеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде түнде тұман, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28, күндіз кей жерлерінде 30 м/с жетеді, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Қарағанды облысында түнде желдің күшеюі 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 25м/с, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, күндіз басым бөлігінде желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қостанай, Ақтөбе облыстарында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде жаяу бұрқасынмен. Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел күші 15-23 м/с болады, Батыс Қазастан облысында бұрқасын болуы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу