Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

696

Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе облыстарында өрт қаупі сақталады. 

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

Синоптиктер 1 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазгидрмет" мәліметінше, бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты күн тұрақсыз болады, найзағай ойнап, дауыл тұрады, жаңбыр жауады.

Республиканың шығысында, оңтүстігінде ғана күн жауын-шашынсыз болады. Қазақстан аумағында жел күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с жел соғады.

Түнде Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, оңтүстікте және Алакөл көл ауданында желдің күші секундына 15-20 метрге жетіп, екпіні 24-29 метр болады.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Күндіз Павлодар облысының оңтүстік-батысында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде найзағай, облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде және таулы аудандарында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында, шығысында күн күркірейді, солтүстігінде, шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен шығысында желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында  өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу