Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы, деп жазады inbusiness.kz ақпарат порталы.
ҚМЖ жағдайында қала тұрғындарына мыналар ұсынылады:
- ашық ауада, әсіресе магистральдардың немесе тас жол бойында жүруден аулақ болу;
- балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуге кеңес берілмейді;
- өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары және аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар көшеде жүргенде өздерімен бірге дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек;
- ашық ауада физикалық белсенділікті шектеңіз;
- дене шынықтыру және спорттық іс-шаралар жабық спорт кешендерінде жүргізілуі керек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу