Бүгін – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні

1911

 1991 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан халқы алғашқы президентін таңдады.

Бүгін – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні

Бүгін елімізде ҚР Тұңғыш Президенті күні атап өтіледі. Парламент 2011 жылы арнайы заң қабылдап,оған сәйкес 1 желтоқсан "Тұңғыш Президент күні" деп белгіленген еді.

2011 жылғы 14 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл күнді қызыл дата деп белгілеудің де өзіндік себебі бар, 1991 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан халқы алғашқы президентін таңдады. Сол уақыттан 2019 жылға дейін Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз елімізді басқарды.

Бүгін ел аумағында түрлі шаралар өтікізіліп, мерекелік концерттер болады. Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетке сіңірген еңбегі атап өтіледі. Сондай-ақ, алыс-жақын шет мемлекеттерден де Тұңғыш Президенттің атына құттықтау хаттары түсіп жатады. Бұл Елбасының халықаралық қатынастарда да тың бастамаларға ұйытқы болғандығын, зор беделге ие екендігін көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу