Бүгін Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл

540

Қазақстан Республикасы UNESCO (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization) құрамына 164-і мемлекет болып кірді.  

Бүгін Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл

ҚР Президентінің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаев пен ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы Федерико Майормен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "БОРТ №1" Telegram каналына сілтеме жасап.

Суретте Қасым-Жомарт Тоқаев пен ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы Федерико Майор, Париж, 1992 жылғы мамыр.

ЮНЕСКО тізіміне енген еліміздің алғашқы нысаны Қожа Ахмет Яссауи кесенесі болатын.

ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген Қазақстандағы нысандар.

Мәдени нысандар:

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, 2003 жыл;

Тамғалы археологиялық ландшафының петроглифтері, 2004 жыл;

Жібек жолы: Чанъань-Тянь-Шань дәлізінің желісі, 2014 жыл.

Табиғи нысандар:

Сары-Арқа – Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері, 2008 жыл;

Батыс Тянь-Шань, 2016 жыл.

1992 жылы 22 мамырда ЮНЕСКО-ға мүше болу туралы актіге қол қойылғаннан кейінгі Қасым-Жомарт Тоқаев пен ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы Федерико Майордың бірге түскен суреті, Париж.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу