Қазақстан аумағынан атомосфералық ағындардың өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жауын жауады. Әсіресе елдің батысы мен оңтүстік-батысында жауын көп түседі. Сондай-ақ елдің бірқатар аумағында тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Бұл туралы "Қазгидромет" болжамына сүйеніп ҚазАқпарат хабарлайды.
Солтүстікте желдің соңы боранға ұласуы ықтимал. Солтүстік Қазақстан обысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Сондай-ақ боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Кей жерде екпіні секундына 25 метр болуы ықтимал.
Ақмола, Қостанай облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болып, боран соғады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Қостанай облысында желдің екпіні 23 м/с-қа жетуі ықтимал.
Алматы облысында түнде және таң ата тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, екпіні секундына 25-метрге жетуі мүмкін.
Жамбыл облысында түман түсіп, таң ата және күндіз жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.
Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түман түсуі ықтимал.