Бүгін, 18 қыркүйекте Екатеринбургте әлем чемпионатының ширек финалы өтеді, деп хабарлайды adyrna.kz сайты.
91 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақ боксшысы Василий Левит төрешілердің шешімімен иорданиялық Хусейн Яшаиштен басым түсті. Айта кетейік, екі боксшы да 2019 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегерлері.
Левит Қазақстан құрамасының жартылай финалға шыққан үшінші өкілі болды. Ширек финалда Сәкен Бибосынов пен Тұрсынбай Құлахмет те жеңіске жетті.
Сондай-ақ, бүгін турнирдегі ширек финалдық жекпе-жегін Абылайхан Жүсіпов, Бекзат Нұрдәулетов, Қамшыбек Қоңқабаев және Қайрат Ералиев өткізеді.
Кешкі сессия (20:00):
Ринг А:
69 келі. Абылайхан Жүсіпов - Роан Поланко (ДоминиканРеспубликасы)
81 келі . Бекзат Нұрдаулетов - Байрам Малкан (Түркия)
91 келі. Қамшыбек Қоңқабаев - Нелви Тиафак (Германия)
Ринг В:
57 келі . Қайрат Ералиев - Миразизбек Мирзахалилов (Өзбекстан).
Турнирдегі жартылай финалдық жекпе-жектер 20 қыркүйекте өтеді. Қазақстан құрамасы ширек финалға бір жеңіліспен жетті.
1/8 финалда Закир Сафиуллин (63 келіге дейін) жеңіліп қалды.