Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін БҰҰ Бас ассамблеясында бейнеүндеу жолдайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен сағат 20.00-ден кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясы аясында БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі кездесуде бейнеүндеу жасайды" деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.
Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінің тікелей трансляциясын БҰҰ веб-сайтынан көруге болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу