Жыл сайын 24 қазанда елімізде Кітапханашылар күні атап өтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Кітапхана – білім мен мәдениет сақталатын орын болса, сіздердің ерен еңбектеріңіз Қазақстан азаматтарына білім мен рухани құндылықтарға қол жеткізуге көмектеседі.
Елімізде 12 мыңға жуық кітапхана бар, олардың 4 мыңға жуығы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағында. Аталған кітапханаларда 9,5 мыңнан астам кітапханашы 73 миллионға жуық кітапты сақтаумен айналысады. Сондай-ақ, электронды кітаптар мен құжаттарға жыл сайын әлемнің 110 елінің пайдаланушылары жүгінеді.
Министрлік кітапханаларды жаңғырту, оларды жабдықтау мен қорларды толықтыру жұмыстарын жалғастыруда. "Қазақстандық ұлттық электрондық кітапхана" жобасы айтарлықтай дамып келеді.