Бүгін – көлік қызметкері күні

1511

Қазақстанда бүгін  көлік жүргізушілерін, ұшқыштарды, диспетчерлерді, инженерлерді, көлік кәсіпорындары қызметкерлерін және жүк тасымалдайтын жандарды кәсіби мерекесі аталып өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Бүгін – көлік қызметкері күні

Ел экономикасының өсуі, әлеуметтік саланың дамуы және сыртқы экономикалық қызметті тиімді жүзеге асыру көлік қызметкерлерінің еңбегіне байланысты екені даусыз. Сала қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында көлік инфрақұрылымы белсенді түрде жаңғыртылып, жаңартылуда, тасымалдау көлемі артып, инновациялық технологиялар енгізілуде.

Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап елімізде 2,5 мың шақырым темір жол салынды. Оның алғашқы 187 шақырымы Ақсу мен Дегелең станцияларын қосты. Бүгінде Қазақстан темір жолы әлемдік көлік жүйесінің бір бөлігі саналады. Жемісті келісім нәтижесінде Түрікменстан, Иран, Парсы шығанағы елдеріне тікелей тасымал жүзеге асырылады. Сөйтіп соңғы 10 жылда транзитті контейнер тасымалы 4 есе артқан.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу