Бүгін Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтеді

211

Тікелей эфир сағат 10:00-де басталады.

Бүгін Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтеді Фото: t.me/consot_kz

Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды жазады inbusiness.kz сайты.

Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда тікелей эфирде көрсетіледі:

Айта кетейік, 2026 жылғы 21 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру туралы Жарлыққа қол қойды.

Жарлықта Конституциялық реформа бойынша ұсыныстарды әзірлеу мақсатында Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру көзделген.

Құжатқа сәйкес, комиссия туралы ереже және оның құрамы бекітілді.

Комиссияны Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Азимова басқарады. Ал оның орынбасары Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева болса, комиссияның хатшысы болып, Президент әкімшілігінің қызметкері Айдар Жарылғанов таңдалды.

Комиссияның құрамына АП, ҰҚК, прокуратура, ұлттық компаниялар қызметкерлері, Парламент және мәслихат депутаттары, әкімдер, қоғам қайраткерлері мен журналистер кірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу