Бүгін Қостанай облысының оқушылары қашықтан оқиды

168

Бұл туралы облыстық білім басқармасы хабарлады.

Бүгін Қостанай облысының оқушылары қашықтан оқиды Фото: ratel.kz

Кейбір аудандар мен облыс орталығында бірінші ауысымда оқитындар онлайн оқытуға көшті, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Өңірдегі қатты боранға байланысты 10 қаңтарда Қостанай қаласы мен Меңдіғара ауданында бірінші ауысымдағы сабақ қашықтан оқыту форматына көшірілді. Сондай-ақ Ұзынкөл және Қарасу аудандарында 1-4 сынып оқушылары онлайн оқытуға көшті.

Бір күн бұрын, яғни 9 қаңтарда Қарасу ауданында қарлы боранға байланысты бірінші ауысымға қашықтан оқыту ұйымдастырылды. Меңдіғара ауданындағы Степанов орта мектебінің екінші ауысымында оқитын оқушылар онлайн оқытуға көшті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу