Бүгін қостанайлық оқушылар қашықтан оқиды

109

Облыста ауа температурасы күрт төмендеп, жел күшейді.

Бүгін қостанайлық оқушылар қашықтан оқиды Фото: freepik

Қостанай облысы Білім басқармасының хабарлауынша, Рудный және Лисаков қалаларындағы 0-4-сыныптардың бірінші ауысымының оқушылары қашықтықтан оқытуға ауыстырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қостанайда 0-7 сынып оқушылары онлайн оқитын болды.

Сондай-ақ, Қарабалық ауданында бірінші ауысымда оқитын 0-11 сынып оқушыларына сабақ қашықтан өтеді. Ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендеп, жел жылдамдығы 4 м/с дейін жетеді. Бастауыш мектептерде – 48 оқушы, сабақ сағат 12:00-де басталады.

Қостанай ауданында бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары онлайн оқыту форматына көшірілді. Жітіқара ауданындағы мектептердің 0-8 сынып оқушыларының сабақтары да онлайн өтеді.

Денисов ауданындағы бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына көшірілді. Бұл өңірде аяз -28 градусқа дейін барады. 

"Ұзынкөл ауданында бірінші ауысымдағы 4-сыныпқа дейінгі оқушылар (№ 1 Ұзынкөл ОМ, К.Дөненбаева атындағы ОМ -26°С), 11-сынып (Троебратская ОМ, Суворовская ОМ -30°С) оқытудың онлайн форматына ауыстырылды, қалғандары штаттық режимде оқып жатыр. Сондай-ақ, Бейімбет Майлин ауданындағы мектептерде 0-11 сыныптар арасындағы бірінші ауысымдағы оқушыларға сабақ сағат 12:00-ге ауыстырылды", –деп жазды ведомствоның баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу