Бүгін күллі мұсылман қасиетті Қадір түнін қарсы алады

2275

Жаратқаннан рақым тілеп, істеген күнәлары үшін кешірім сұраған пенде бұл түнді жалғыз, отбасымен бірге, яки мешітке барып жамағатпен бірге өткізсе де болады.

Бүгін күллі мұсылман қасиетті Қадір түнін қарсы алады

Бүгін күллі мұсылман қауымы мың айдан да қайырлы Қадір түнін қарсы алады! Еліміздің барлық мешіттерінде қалың жамағат дұға оқып, таңсәріге дейін құлшылық етпек.

"Қадір" сөзі арабшадан аударғанда, "мән-мағына, рақым" дегенді білдіреді. Яғни, бұл түн – Алланың пенделерге шексіз рақым жаудырған түні. Бір сөзбен түйгенде, бүгін ауыз ашардан соң, жер бетінде тозақтың қақпасы жабылып, шайтандар кісенделеді, жерге періштелер түседі. Қадыр түнін күту ғибадат-құлшылықпен астасып жатуға тиіс. Жаратқаннан рақым тілеп, істеген күнәлары үшін кешірім сұраған пенде бұл түнді жалғыз, отбасымен бірге, яки мешітке барып жамағатпен бірге өткізсе де болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу