"Қазгидромет" мәліметінше, бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады, елдің оңтүстігі мен шығысында бұршақ жауады. Қазақстан бойынша жел күшейеді.
Ақмола облысының солтүстік жартысында, Алматы облысының шығысында, күндіз Атырау облысының шығысында 15-20 м/с жел тұрады.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды, облыстың батысында, шығысында шаңды дауыл тұрып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде және таулы, тау бөктерінде – найзағай, бұршақ, дауыл, 15-20 м/с жел соғады.
Павлодар, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде, батысында, шығысында-тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында және орталығында бұршақ жауып, найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, Павлодар облысының орталығында өрт қаупі сақталады.
Күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.