Бүгін күн райы құбылмалы болады

512

22 сәуірде ел өңірлерінде күн райы құбылмалы болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Қазгидромет" РМК-ге сілтеме жасап.

Бүгін күн райы құбылмалы болады Фото: pomnim.com

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20, күндіз кей уақытта – 25 м/с. Түнде облыстың басым бөлігінде 1-6 градус үсік, Талдықорған қаласында 4-6 градус үсік түседі.

Ақтөбе облысында түнде оңтүстікте, батыста, күндіз орталықта, облыстың шығысында батысқа ауысатын оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Ақтөбе қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, батысқа ауысады, күндіз екпіні – 15 м/с.

Ақмола облысының солтүстік-батысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Көкшетау қаласында оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні – 15 м/с.

Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып жел соғады, облыстың шығысында – 15-20 м/с. Атырау қаласында түнде және таңертең найзағай күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында күндіз оңтүстік-шығыста найзағай күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с. Орал қаласында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні – 18 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Жезқазған қаласында күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с шаңды дауылмен сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Қостанай қ аласында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұруы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында – 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың шығысында көктайғақ болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші – 15-20 м/с. Петропавл қ аласында күндіз жаңбыр күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші – 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады 15-20, екпіні – 23 м/с. Облыстың таулы аудандарында 1 градус үсік сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші – 15-20 м/с.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу