Бүгін Қытайдан Павлодар өңіріне бес отбасы көшіп келді

868

Бүгін Қытайдан Павлодар өңіріне бес отбасы көшіп келді

Бүгін ҚХР-дан Павлодар облысына бес қазақ отбасы қоныс аударды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы мәлімет Павлодар облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан алынды .

Қазақстан Республикасы үкіметінің "Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы" 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысына сәйкес, Павлодар облысына 100 отбасыға (500 адам) квота берілді. Биылғы жылы облысқа 144 отбасы қоныс аударды (31 отбасыда 109 адам және 35 адам отбасысыз).

Бүгін Павлодар өңіріне бес отбасы (18 адам) Қытайдан көшіп келді. Аталған отбасылар 2017 жылдың 27-шілдесі күні Успен ауданының Ольгин ауылына тұрақтады.

Айта кетейік, 334 тұрғыны бар Ольгин ауылы облыс орталығынан 120 шақырым жерде орналасқан. Ауылда жалпы орта білім беру мектебі, медициналық пункт және мектепке дейінгі балаларға арналған шағын орталық бар. Сонымен қатар, бұл ауылда екі мұғалім, екі механизатор және бір мал өсіруші қызметтеріне бос орындар бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу