Оған қоса, білім ордаларының маңында жылдамдықты асырмауды бақылау бойынша рейд басталды. Бұл туралы Ішкі істер министрі хабарлады.
Марат Ахметжанов жаңа оқу жылының қарсаңында Қазақстандағы барлық мектепті бейне-бақылау жүйесімен қамтыдық, – деді.
Алайда осыған дейін Асхат Аймағамбетов бейнекамералардың біразы жұмыс істемейді. Олардың басым бөлігі жедел басқару орталықтарына қосылмаған, – деген.
Бұл ретте, Ішкі істер министрі бақылау жүйелерін полицияның жедел орталығына қосу жұмыстары әлі жалғасып жатқанын айтты.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        