Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні

334

Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – биік азаматтық пен шынайы патриотизмнің айқын көрінісі.

Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні Фото: gov.kz

Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні. Биыл мемлекеттігіміздің символдарының қабылданғанына 32 жыл толды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

1992 жылдың дәл осы күні Тәуелсіз қазақ елінің мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Ал 2007 жылдың 4 маусымынан бастап қазақстандықтар бұл күнді Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекелей бастады.

Бұл – ерекше дата. Көк байрағымыз бен елтаңбамыз, әнұранымыз — тарихымызды, мәдени мұрамызды, күшіміз бен болашаққа ұмтылысымызды айшықтайтын қасиетті нышан.

Ел Президенті мемлекеттік рәміздерде бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтатын құдыретті күш бар екенін бірнеше рет атап өтті.

Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – биік азаматтық пен шынайы патриотизмнің айқын көрінісі.

Мемлекеттік ту Қазақстанның еркіндігі мен біртұтастығын, Елтаңба — біздің жүріп өткен тарихи жолымыз бен бірлігімізді бейнелейді, ал Әнұран Отанға деген мақтаныш пен сүйіспеншілік сезімін оятады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу