Бүгін елімізде нөсер жауын мен бұршақ жауып, жел күшейеді

494

Басым өңірлерде ауа-райының тұрақсыздығы сақталады, жаңбыр жауады, найзағай, дауыл және желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін елімізде нөсер жауын мен бұршақ жауып, жел күшейеді Фото: canva.com

Еліміздің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман, оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында Атырау облысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Алматы облысының солтүстік жартысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау, Абай облыстарында, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу