Нұр-Сұлтанда өтетін хоккейден А тобындағы алғашқы дивизионның әлем чемпионаты әсерлі шоу-бағдарламамен ашылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты..
"Ашылу салтанатында жанкүйерлерді 3D-технологиялар қолданылған лазерлік шоу күтеді. Турнирдің ашылу салтанаты 29 сәуірде сағат 19:30-да "Барыс-Аренада" өтетін болады. Естеріңізге салайық сағат 20:00-де Қазақстан мен Словения құрамалары арасындағы матч басталады", – делінген хабарламада.
Алғашқы дивизиондағы хоккейден әлем чемпионаты Қазақстанда тұңғыш рет өткізілуде. Топ-дивизионға екі жолдама алу үшін Қазақстан, Словения, Белорусь, Оңтүстік Корея, Венгрия және Литва құрамалары бақ таластыратын болады.