Бүгін Нұр-Сұлтан–Токио бағытында авиабилет сатылымы басталды

772

Бір бағытқа билет құны 170 мың теңге болады.

Бүгін Нұр-Сұлтан–Токио бағытында авиабилет сатылымы басталды

6 шілдеден бастап SCAT әуе компаниясы рейстерді орындауды бастайды. Нұр-Сұлтаннан алғашқы рейс 6 шілде күні сағат 22:00-де орындалады, ал 7 шілде күні 08:30-да Токионың "Нарита" әуежайына қонады. Кері рейс сол күні 21:00-де, ал 8 шілде күні ұшақ жергілікті уақытпен 02:30-да Нұр-Сұлтан әуежайына қонады.

ИИДМ азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, шілдеде рейстер аптасына тек бір рет орындалады, ал тамыздан бастап 2-ге жиілейтін болады. 

Әуе сапарына Боинг 767 ұшақтары жасақталған. Тек бір бағытқа билет құны –170 мың теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу