Бүгін – Ораза айт

122

Айт – мұсылмандардың ұлы мейрамы.  

Бүгін – Ораза айт Фото: muslim.kz

Ислам дінінде екі мереке бар. Ол Ораза айт және Құрбан айт мерекесі. Шариғат бойынша отыз күн ораза біткеннен кейін шәууал айының бірінші күні ораза айт болып есептеледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бүгін еліміздегі барлық мешітте ораза айт намазы оқылды.

Ескере кететін жайт, ораза айт – бір күн. Алайда халық арасында қалыптасқан әдет бойынша үш күнге дейін дастарқан жайылып, айттаумен жалғасын табады. Айт намазына дейін әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларының да мереке күндері дастарқан жайып халықпен бірге қуанулары үшін пітір садақалары таратылады.

Ораза айт күні айт намазына дейін пітір садақасын беріп үлгеру керек. Намазға шығар алдында ғұсыл құйынып, әтірленіп, жаңа киім киіп, құрма жеп, қуаныш пен шаттық көңіл-күймен тәкбір (Аллаһу әкбар) айтып мешітке барады. Айт намазын оқиды.

Ораза айт кезінде мұсылмандар бір- бірін құттықтап, мерекелік дастарқан жайып, туыстар мен дос-жарандарды қонақ етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу