Бүгін – Отбасы күні

1555

2013 жылы Елбасы қыркүйектің екінші жексенбісін Отбасы күні деп белгілеген болатын.

Бүгін – Отбасы күні

Қазақстанда бүгін жылдағы дәстүрге сай Отбасы күні мерекесі аталып өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер" туралы Жарлыққа өзгеріс енгізіп, қыркүйектің екінші жексенбісін Отбасы күні деп белгілеген болатын.

"Біздің қоғамда отбасы әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы болды және солай болып қала бермек. Отбасы күні біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын сөзсіз мойындауға ықпал етеді", - деген еді Елбасы Отбасы күніне арналған алғашқы құттықтауында.

Отбасы күні еліміздің түкпір-түкпірінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан үлгілі отбасыларға сый-құрмет көрсетіледі. 2014 жылдан бері Елбасы ұсынысымен аталмыш мерекеге орай "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауы өткізілген еді.

Онда отбасы мүшелерінің жетістіктері мен олардың маңыздылығы ескерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу