Бүгін партиялар депутаттардың тізімін Орталық сайлау комиссиясына ұсынады

803

Құрылтай сайлауының нәтижесі бойынша 5 партия 5 пайыздық межені бағындырды.  

Бүгін партиялар депутаттардың тізімін Орталық сайлау комиссиясына ұсынады Фото: election.gov.kz

ҚР ОСК Төрағасы сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес сайлаушылардың 5 және одан да көп пайыз дауысын жинаған бес саяси партия арасында депутаттық мандаттар бөлінетінін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының 145 мандаты төмендегідей бөлінді:

  1. "Әділет" партиясы – 110 мандат;
  2. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 8 мандат;
  3. "Ауыл" партиясы – 10 мандат;
  4. "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы – 8 мандат;
  5. "Respublica" партиясы – 9 мандат.

ОСК басшысы саяси партиялардың өкілдерінің назарын депутаттық мандаттардың партиялық тізімге енгізілген кандидаттар арасында бөлінуі тиіс екеніне аударды.

Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясы әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар үшін 30 пайыздық жиынтық квотаны көздейтін конституциялық заң талаптарының сақталуын қатаң бақылауда ұстайтынын атап өтті.

"Құрылтай сайлауы жалпыұлттық қолдауға ие болған конституциялық реформаның қорытындысы бойынша жаңартылған сайлау заңнамасына сәйкес өтті. Халықаралық ұйымдардың бағалауынша, сайлау науқаны белсенді әрі еркін жағдайда өтті. Азаматтардың, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың еркін ерік білдіруі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды. Халықаралық байқаушылар сайлау органдарының сайлаушыларды ақпараттандыру бойынша ауқымды әрі инклюзивті науқан өткізуін, сайлауға тиімді дайындық жүргізуін және дауыс беру күнін ұйымдастыруын да жоғары бағалады", – деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.

Айта кетейік, Құрылтайдың бірінші сессиясы 28 тамыз күні Астанада өтеді. Бүгін Президент Жарлыққа қол қойды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу