12 ақпанда Пхенчханда өтіп жатқан қысқы Олимпиадада Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түседі деген үміт бар. Бұл туралы prosports.kz хабарлайды.
Қос фристайлшымыз Дмитрий Рейхард пен Павел Колмаков жекелей могулда өнер көрсетеді. Жанкүйерлер бұл жарыста Қазақстанның қоржыны тағы бір медальмен толығады деп күтуде.
Конькимен жүгіруші Екатерина Айдова 1500 метр қашықтықта бақ сынайды.
Биатлоншылар Галина Вишневская мен Дарья Усанова ізге түсу сайысында өнер көрсетеді.
Ал тау шаңғысы спортынан Мария Григорова жарыс жолына шығады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу