Бүгін Президент сайлауына 1 жыл толды

630

Бір жыл бұрын 20 қараша күні елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтті. 

Бүгін Президент сайлауына 1 жыл толды Фото: aqorda.kz

Республиканың басты саяси додасына бүкіл сайлаушылардың 69 пайызы немесе 8 млн 300 мың 46 адам белсенді қатысып, өз таңдауын жасаған еді.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың 1 қыркүйегінде "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауын арнаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сол жылдың күзінде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынған болатын.

"Биыл күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын. Сондай-ақ, мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ, қайта сайлануға тыйым салынады", — деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу