Бүгін Президенттің қатысуымен "Атамекен" ҰКП-ның кезекті съезі өтеді

872

Биыл да онлайн өтетін жиынға 384 делегат – республикалық және салалық қауымдастық төрағалары, Атамекеннің Төралқа және Басқарма мүшелері, мемлекеттік орган өкілдері және өңірлік палаталар жанындағы Кеңес мүшелері қатысады.

Бүгін Президенттің қатысуымен "Атамекен" ҰКП-ның кезекті съезі өтеді

Жиында ауыл шаруашылығы саласын жеткіліксіз қаржыландыру, шағын және орта бизнесті тексеруге жарияланған мараторийді алып тастау туралы мәселе қозғалады. Қайта өңдеу үшін алынатын төлем, аяқ киім, дәрілік заттар, жеңіл өнеркәсіп тауарларын және сүт өнімдерін таңбалау туралы сөз болады. Өйткені осы сұрақтардың қазір шешімін таппаса, бизнес онсыз да қысылтаяң шақта қиындыққа тап болуы мүмкін. Сондай-ақ Еуразиялық Экономикалық Одақ елдері мен Қытай арасындағы алыс берісте туындаған күрделі сұрақтар, құрылыс материалдар бағасының өсуімен, жұмысы тоқтап қалған мемлекеттік тапсырыстағы нысандардың тағдыры да тілге тиек етілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу