Бүгін Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин келмек

1040

Бүгін Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин келмек

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Астанаға түстен кейін ұшып келеді деп күтілуде. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Атап өтсек, Владимир Путин 8-9 маусымда Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады. Кремль баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес Владимир Путин бірқатар мемлекеттер көшбасшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді. "ЭКСПО-2017" көрмесінің ашылу рәсіміне қатысады.

Еске салсақ,  саммит барысында ШЫҰ қызметінің мәселелерін талқылау және Ұйым үшін маңызды - Үндістан мен Пәкістанға толыққанды мүше мәртебесін беру туралы шешім қабылдау жоспарлануда.     

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу