Бүгін Ресей мен Украина келіссөзінің екінші кезеңі басталады

196

Ыстамбұлда Украина мен Ресей арасындағы тікелей келіссөздің екінші кезеңі өтеді.  

Бүгін Ресей мен Украина келіссөзінің екінші кезеңі басталады Фото: РИА Новости

Қос тарап бұл жолы нақты ұсыныстарды жазбаша түрде ұсынуға міндетті, деп жазады inbusiness.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ең басты мақсат – соғыс қимылдарын тоқтату мүмкіндігін қарастыру. Бүгінгі кездесу Долмабахче сарайында емес, Чираған сарайында өтеді. Жоспар бойынша келіссөз жергілікті уақытпен сағат 13:00-де басталады. Бұл Астана уақытымен түскі 15:00-тер шамасы. Ресей делегациясы Ыстамбұлға кеше кешкісін жетті. Украин тарапы да толық құрамда дайын отыр.

Бұл – кейінгі 3 жылда алғаш рет қайта жанданған диалогтың жалғасы. Алғашқы раунд екі апта бұрын өтіп, "1000-ға 1000" формуласы бойынша әскери тұтқындар алмасумен аяқталған еді. Ол уақытта 3 күн ішінде 1800-ден астам адам үйіне оралды.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың айуынша, келіссөзде меморандумдар алмасу – кездесуден күтілетін басты үміттің бірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу