Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, циклон және онымен байланысты суық атмосфералық ағындар еліміздің басым бөлігінде ауа райына ықпал етеді. Бүгін еліміздің көп жерінде түнде жауын–шашын болады, солтүстікте, орталықта, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста, күндіз елдің орталығында-қатты жаңбыр, республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында, оңтүстігінде бұршақ жауады деп күтілуде.
Тек еліміздің батысында және Қызылорда облысында күн жауын-шашынсыз, ашық болады. Республика бойынша екпінді жел соғып, найзағай ойнайды, солтүстік-батыста, орталықта, оңтүстікте түнде тұман түседі.
Түнде Ақмола облысының батысында, Қарағанды, Ұлытау облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысында, Түркістан облыстарының солтүстігінде топырақ бетінде, таулы аудандарында 1-2 градус үсік жүреді.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысындың шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, орталығында, Абай облысыныңоңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Абай облысыныңоңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.