Бүгін еліміздің басым бөлігінде қарлы боран соғады

216

Жолаушыларға жолға шығарда абай болуды ескертеміз.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қарлы боран соғады Фото: canva.com

Қазгидромет РМК ел аумағында 15 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                

Дерекке қарағанда, еліміздің аумағы арқылы өтетін атмосфералық фронтальды бөлімдер ауа райының тұрақсыз сипатын анықтайды. 

– Республиканың басым бөлігінде қарлы боран соғады, батыста, оңтүстік-батыста, оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Республика бойынша – желдің күшеюі, тұман, оңтүстікте, батыста – көктайғақ күтіледі, – деп жазды синоптиктер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу