Бүгін - шала туылған балалар күні

1932

Бүгін - шала туылған балалар күні

17 қарашада әлемде Халықаралық шала туылған балалар күні тойланады, деп хабарлайды elorda.info.
Неонатологтар мен балалар медицинасының мамандары қауымдастығының мәліметінше, бұл күн Еуропа қорының (European Foundation for the Care of Newborn Infants, EFCNI) бастамасымен 2009 жылы бекітілді.

Жыл сайын әлемде 15 миллионға жуық бала шала туылады, бұл орташа есеппен әрбір оныншы бала. Осы балалардың бір миллионнан астамы туғаннан кейін шетінеп кетеді, ал көпшілігі физикалық және неврологиялық мүгедектіктің әртүрінен зардап шегеді немесе оқу үлгерімімен проблемалар болады.

Статистика бойынша уақытынан бұрын босану әлемдегі нәрестелердің  өлім-жітімінің барлық жағдайының жартысынан көбінің себебі болып отыр. Осыған байланысты Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен халықаралық шала туылған балалар күні, яғни бүгін ең үздік неонатолог және гинеколог дәрігерлер халықпен кездесу өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу