Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот басталады

372

Қылмыстық істі Алматы облысының соты қарап жатқанымен, алдын ала сот тыңдауы Жетісу облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ғимаратында өтеді.  

Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот басталады Фото: Inbusiness.kz

Бүгін Талдықорғанда Шерзат Полаттың қазасына қатысты сот басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоғарғы сот мұның себебін істегі тоғыз айыпталушының (тергеу барысында барлығы 11 күдікті ұсталған) Талдықорғандағы тергеу изоляторында отырғанымен түсіндірді.

Істі судья Е.С. Жанұзақов қарайды. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады. 40 сараптама, 200-ге жуық куәгер жауабы және 8 видео тіркелген.

"Адам өлтіру", "бұзақылық", "қорқыту" және "қылмыс туралы хабар бермеу" фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істерді Алматы облысының полициясы тергеді. 

Жәбірленуші тараптың мүддесін сотта адвокат Мейірман Шекеевтің кеңсесі қорғайды. Оған Жандос Палманов, Әлім Мұстафаев, Дина Досаева, Нұрболат Ыбраев, Бағдат Амандосұлы және Бекзат Мязов сынды адвокаттар көмектеседі.

Айта кетейік, 2024 жылғы 4 қазанда Алматы облысы Талғар қаласында "Қамажай" дүкені алдында қарулы жанжал болып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Полат ата-анасының көзінше пышақтап өлтірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу