Бүгін Шығыс Қазақстан облысында оқушылар онлайн оқиды

374

Өңірде аяз күшейген.  

Бүгін Шығыс Қазақстан облысында оқушылар онлайн оқиды Фото: Google

Бүгін аязға байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы бірқатар ауданда бірінші ауысым оқушылары үйден оқиды, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.

"Күршім ауданы Күршім ауылының Шанағатты, Сарыөлең, Алғабас орта мектептерінің, Катонқарағай ауданы Жаңа Хайрузовка, Коробиха, Барлық, Аққайнар, Солоновка, Жұлдыз, Кіші Нарын орта мектептерінің және Самар ауданы Самар ауылының Сарыбел орта мектебінің 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқиды. Сонымен бірге Күршім ауданы Ұрынхай, Тосқайың орта мектептерінің, Алтай ауданы Чапаев және М.Бекетов атындағы орта мектептерінің 0-9 сыныптары онлайнға оқуға көшіріледі", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу