Бүгін Шымкентте 96 отбасы баспаналы болды

928

 Бүгін Шымкентте 96 отбасы баспаналы болды

Бүгін Шымкентте  1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай бірінші кезектегі  "Астана" тұрғын үй кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Осылайша бүгін Шымкентте 96 отбасы баспаналы болды. Тұрғын үй кешеннің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа қоныс берекелі және ырысы мол  үлкен ордаға айналуын тіледі.
Қаланың әкімшілік және іскерлік орталығында орналасқан тұрғын үй кешенінде тоғыз қабатты 4 тұрғын үй бой көтерген. Мұндағы пәтерлердің жалпы ауданы - 14776,6 шаршы метрді құрайды. Бүгінде 2 блок, яғни 96 пәтер пайдалануға берілсе, қалған 2 блок келер жылдың бірінші тоқсанының аяғына дейін пайдалануға беріледі. Жобаның жалпы құны 2,75 млрд теңгені құрайды.
Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 525,4 мың шаршы метр тұрғын үй яғни, 5189 пәтер пайдалануға берілді. Ал, облысқа белгіленген жоспар 550,6 мың шаршы метр болса, жыл қорытындысымен жоспар артығымен орындалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу