Бүгін стенд атудан Лахтидегі әлем кубогі кезеңі басталады

706

Бұл биылғы маусымдағы соңғы лицензиялық әлем кубогі саналады. 

Бүгін стенд атудан Лахтидегі әлем кубогі кезеңі басталады

Бүгін Финляндияның Лахти қаласында стенд атудан лицензиялық әлем кубогі кезеңі басталады, деп жазады Olympic.kz. 

Бұл биылғы маусымдағы соңғы лицензиялық әлем кубогі саналады. Әзірге, қазақстандық мергендер кубоктік кезеңдерден жолдама алған жоқ. Ал Олимпиада жолдамасы сарапқа салынатын лицензиядық Азия чемпионаты қараша айында Дохада өтеді. 

Лахтидегі әлем кубогіне қатысатын спортшылар тізімі:  

Траншеялық стенд, әйелдер: М. Дмитриенко, А. Давыдова, С. Рысбекова;

Траншеялық стенд, ерлер: В. Хасянов, М. Коломоец, А.Могилевский;

Дөңгелек стенд, әйелдер: Ә. Орынбай, О. Панарина, А. Мищук;

Дөңгелек стенд, ерлер: В. Мұхамедиев, А. Мұхамедиев, А. Ещенко;
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу