Биыл табыс туралы декларацияны тапсыратын соңғы күн - 16 қыркүйек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Биыл 250.00 және 270.00 формасы бойынша декларацияларды тапсыру мерзімі 15 қыркүйекке (жексенбі) – демалыс күніне келеді, яғни соңғы күн 2024 жылғы 16 қыркүйекке ауыстырылады, – деп хабарлаған еді бұған дейін салық органдары.
Әуелі салық органдары есеп өткізбегендерге хабарлама арқылы ескерту жолдайды. Ол ескерілмеген жағдайда азаматқа 5 АЕК (55 380 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Ол да ескерілмесе, әкімшілік жауапкершілікке апарып соғады.
Азаматтар салық міндеттемелерін ыңғайлы электрондық қызметтерді пайдалану арқылы орындай алады. Олар:
- Салық төлеушінің кабинеті (cabinet.kgd.gov.kz);
- Электронды үкімет порталы (egov.kz);
- мобильді қосымшалар: e-Salyq Azamat, eGov mobile;
- қосымшалар Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz.