Бүгін тамыз айында өтетін ҰБТ басталды

290

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бүгін тамыз айында өтетін ҰБТ басталды Фото: Instagram.com/testcenterkz

Бүгін тамыз ҰБТ-сы басталды, ол 15тамызға дейін жалғасады. Тестілеуге қатысу үшін 21 мыңнан астам өтініш қабылданды. ҰБТ-ға қатысушылардың 66%-ға жуығы қазақ тілінде, 34%-ы орыс тілінде, 69 адам ағылшын тілінде тест тапсыруға ниет білдірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҰБТ-ны өткізудің бірінші күні 5,7 мың адам емтихан тапсырады.

"Тамыздағы ҰБТ белгіленген шекті балл жинай алмаған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар, ҰБТ нәтижелері жойылған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, жоо-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі. Тіркелу кезінде тестіленушілер емтихан өткізілетін пунктті, күнді және уақытты өздері таңдады", - делінген хабарламада.

Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады.

Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу