Бүгін таңертең Қырғызстанда жаңа жер сілкінісі болды

475

Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, Қырғызстанда таңғы сағат 6:03-те жер сілкінісі болды. 

Бүгін таңертең Қырғызстанда жаңа жер сілкінісі болды Фото: АКИpress

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Геджиге ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 17 км, Нұра ауылынан солтүстік-батысқа қарай 30 км, Ош қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 108 км жерде орналасқан.

Қырғыз Республикасының елді мекендерінде жер сілкінісінің күші: Геджиге, Қара-Кіндік, Кек-Суу ауылдарында – 2,5 балл болды.

Айта кетейік, Қырғызстанда кеше, 19 наурыз күні сағат 21.05-те эпицентрде күші 3,5 балдық жер сілкінісі болды.

Елді мекендерде жер сілкінісінің күші Қашқа-Суу, Таш-Дебе ауылдарында 3 балл, Бішкек қаласында, Күнтуу, Арчалы, Арашан, Қой-Таш, Бәйтік, Таш, Бұлақ, Алмалуу ауылдарында 2,5 балл болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу