Бүгін теңге бағамында оң өзгеріс

7351

Қазақстан қор биржасындағы сауданы Ұлттық Банк жіті қадағалауда. 

Бүгін теңге бағамында оң өзгеріс

Қазақстан қор биржасында сауда қалыпты режимде өтіп жатыр. Алғашқы мәмілелер бір долларға 494,5 теңге бағамымен жасалды, деп жазды inbusiness.kz. 

Кейін 11.00-де ұлттық валютамыз нығайып, бір доллар үшін теңге 485 теңге бағамына жетті. Биржада сауда жалғасуда. Бұл ретте Ұлттық банк нарықты қадағалап отырғанын мәлімдеді.  

"Ұлттық Банк нарықтарды жіті қадағалап отыр және жағдай одан әрі нашарлаған жағдайда қаржылық және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша тиімді шараларды қабылдауды жалғастырады", – деді бұл ретте Ұлттық Банк төрағасы Ғалымжан Пірматов.  

Сонымен қатар ұйым биржадағы сауда барысында құбылмалылық жоғарылаған жағдайда валюталық интервенциялар жүргізуге дайын екенін хабарлады.

"Ұлттық Банк нарықтық айырбас бағамын қалыптастыруға кедергі келтірмей және айырбас бағамының белгілі бір деңгейін таргеттеуді болдырмай, еркін құбылмалы айырбас бағамы бар инфляциялық таргеттеу режимін сақтауды жалғастырады. Бұл ретте Ұлттық банк қаржылық тұрақтылыққа тәуекелдер жоғарылаған жағдайда валюталық интервенциялар жүргізеді", – деп хабарлады бас банктің баспасөз қызметі.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу