Бүгін тоғыз қалада метеоахуал қолайсыз болады

242

26 ақпанда еліміздің басым бөлігінде метеорологиялық жағдай қолайлы болады, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Бүгін тоғыз қалада метеоахуал қолайсыз болады Фото: inbusiness.kz

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Өскемен, Риддер, Жезқазған, Балқаш қалаларында, сондай-ақ күндіз Қарағанды, Теміртау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу