Бүгін Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқан күні

3400

Бүгін Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқан күні

Бүгін Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқан күні, деп хабарлайды khabar.kz.

1991 жылдың 2 қазанында Тоқтар Әубәкіров Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарышқа самғады. Ғарышкер бұл ерлікті "Елбасының еңбегі" деп бағалады. Себебі Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл сөздерінен кейін ғана Қазақ жерінен қазақ баласын ғарышқа жіберу туралы шешім қабылданған.

"Мен жай ғана ғарышқа ұшып келемін деп ойладым. Маған Нұрекең (ред. Нұрсұлтан Назарбаев): "Қазақтар 30 жыл бойы үміттеніп отыр. Қашан біздің өкіліміз, қара баламыз ұшады? Ондай әлі болмап еді, тезірек ұшып бар", – деді. Қайтып келгенде, халықтың қарсы алғанына, қуанғанына, бізді алақанына салып, бүкіл Қазақстанды аралатқанда ғана түсіне бастадым. Бұл күнді Қазақ халқы асыға күтіпті", - дейді қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров.

Ал 4 қазан күні бірінші жасанды жер серігінің ғарышқа ұшырылғанына 60 жыл толады. Бұл тек сол кездегі Кеңес Үкіметі үшін ғана емес, жалпы адамзат үшін маңызды әрі жауапты қадам болды. Себебі алғашқы жасанды жер серігін ғарышқа жіберу арқылы адам баласы ғылымның, технологияның дамуына, барлық саланың өркендеуіне жол ашты. Осындай жаңалықтың арқасында біз телеарнадан хабар таратып, ақпарат алмасып, ғаламторды кеңінен қолданып келеміз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу